Қоғам

Ақтөбедегі теракті ісі бойынша үкім 28 қарашада шығарылады

© AP Photo/Thomas Kienzle/POOLСот балғасы
Сот балғасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотталушылар қатарында 29 адам бар, мемлекеттік айыптау олардың жетеуін өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Сот 28 қарашада Ақтөбедегі теракті ісіне қатысты үкім шығарады деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сот талқылауы барысында прокуратура соттан сотталушылардың жетеуін өмір бойына бас бостандығынан айырып, ерекше тәртіпті колонияға қамауды сұраған болатын. Қалған сотталушыларға қатысты мемлекеттік айыптау бас бостандығынан айыру және шектеу жазаларын қолдануды талап етті.

"Іс бойынша үкім 28 қарашада шығарылады", — деді Sputnik Қазақстан агенттігіне сұхбат беруші телефон арқылы.

сот отырысы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Прокурор ақтөбелік лаңкестерді өмір бойына соттауды сұрады

Бұл іс бойынша басты сот талқылауы қазан айының соңында Ақтөбе облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Сот алдына 29 адам келді, олардың тоғызы түрлі қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, оның ішінде террорлық актіге қатысқаны үшін айыпталды, 18 – әзірленіп жатқан қылмыс туралы хабарламағаны үшін, екеуі – қылмысты жасырғаны үшін. 

Жаңалықтар
0