Өңірлер

Алматы облысында мұз қатқан көлдегі аққулар ұшып кетті

© Sputnik / Анатолий УстиненкоМұз қатқан көлдегі аққулар
Мұз қатқан көлдегі аққулар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құстарды құтқару үшін еріктілер көлге аттанды: бірақ олардың көмегі қажет болмады: құстар өз бетімен ұша бастады.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Қатты аязға қарамастан Алматы облысындағы көлден ұшып кетпеген аққулар тобы дүйсенбі күні қанат қақты деп хабарлады құстарды құтқаруға қатысқан ерікті Ангелина Котенко.

Алматы облысындағы Мерей аулына жақын жердегі көлде 15 аққудың қалып қойғандығы туралы ақпарат  өткен демалыста "Клуб добряков Алматы" клубының Instagram парақшасында жарияланған болатын. Куәгерлердің пікірінше, көлдің бетін толығымен мұз жапса, аққуларға зор қауіп төнетін еді.

Бұл жайтқа бей-жай қарамаған қазақстандықтар құстарды құтқару жоспарын құрып, төтенше жағдайлар қызметіне, зоопаркке хабарласты, алайда дүйсенбі күні құстардың жылы жаққа ұшып кеткендігі белгілі болды.

© Photo : "Клуб добряков Алматы" клубының Instagram парақшасыАлматы облысында көл бетінде жүзіп жүрген аққулар
Алматы облысында көл бетінде жүзіп жүрген аққулар - Sputnik Қазақстан
Алматы облысында көл бетінде жүзіп жүрген аққулар

"Бәріңе, бәріңе! Аққулар қанат қақты. Ұшып кетті! Алақай!", — деп жазды дүйсенбі күні Котенко. 

Жаңалықтар
0