Оқиға

Ақмола облысындағы ауыл маңында екі адам үсіп өлді

© Sputnik / Ю.Ищенко / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысындағы Ошақ ауыл маңында әйел адам үсіп өлді. Куропаткино аулында үйінің жанында үсіп қалған ер адамның өлі денесі табылды.

АСТАНА, 21 қар – Sputnik. Ақмола облысында жоғалып кеткен ауыл әкімдігінің әлеуметтік қызметкері жырада өлі күйінде табылды, алдын ала болжам бойынша әйел кісі үсік шалғаннан қайтыс болған, деп хабарлады Sputnik-ке ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде. 

"Іздеу барысында 19 қараша күні кешке Шортанды ауданының Ошақ ауылынан екі шақырым жердегі жырады жергілікті тұрғын 41 жастағы Қуанған Базаргүлдің жансыз денесі табылды. Зорлық белгілері байқалмаған әйелдің мүрдесі мәйітханаға жіберілді. Сараптама тағайындалды. Әйел өлімінің алдын ала себебі дененің жалпы суықтауы", — деді агенттікке полицияда. 

Әйелдің жоғалуы туралы өтінішті жұбайы 14 қарашада берген. Оның сөзіне қарағанда, 12 қараша күні сағат таңғы 08:00-де әйел қызын мектепке апарып, содан кейін күйеуіне даладағы жұмыстармен айналысамын деп кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Екі сағаттан кейін ер адам зайыбын іздей бастаған. Телефоны өшіп тұрған.

Қуанған Базаргүл Новосел ауылдық округінің әкімдігінде әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеген. Оның артында үш баласы қалды. 

Сонымен бірге Куропаткино аулында өз үйіне жақын маңнан 50 жастағы ер адамның өлі денесі табылған, мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. "Алдын ала дәйектер бойынша, ер адам дененің жалпы суықтауынан қаза тапқан", — деді полицияда. 
Бұдан бұрын өңірде дауылдық ескерту жарияланған еді — 19 және 20 қарашада Ақмола облысында ауа температурасы күрт төмендеп, кей жерлерде минус 40 градус болады деп күтілген. 
Жаңалықтар
0