Өңірлер

Қазақстанда қатты аяз сақталады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты аяз болады, елдің оңтүстігінде – жауын-шашын, тұман түсіп, кей жерлерде боран соғады.

АСТАНА, 20 қар — Sputnik. Жексенбі 20 қарашада Қазақстанда ауа райы құбылмалы жауын-шашынды болып, тұман түседі және қатты аяз болады деп хабарлады Қазгидромет.

Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын болып, кей жерлерде көктайғақ болады, боранды жел күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран болады, желдің күшеюі секундына 15-23 метр, ұйытқуы – секундына 23-28 метр, кей жерлерде секундына 30 метрге дейін жетеді.

Алматы облысында кей жерлерде тұман, төменнен соққан боран болады, желдің күшеюі 15-20 м/с, ұйытқуы – 23-28 м/с.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарында кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, Қызылорда облысында төменнен соққан боран болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде қатты аяз болады, Қарағанды облысында түнде қатты аяз болады, кей жерлерде аяз одан да қатты күшейеді.

Жаңалықтар
0