Спорт

"Астана" ФК үшінші рет Қазақстан кубогін жеңіп алды

Жазылу
Қазақстандық Премьер-Лиганың алтын медальдеріне елордалық команданы үш рет жеткізген "Астана" командасының қазіргі бас бапкері Станимир Стойлов үшін бұл кубоктік трофей алғашқы болды.

АСТАНА, 19 қар — Sputnik. Қазақстаның елордалық Футбол клубы "Астана" сенбі күні осы жылғы ел кубогінің иегері болды.Алматыда өткен Кубоктің финалдық матчында "Астана" жергілікті "Қайратты" 1:0 есебімен жеңді. 

Жалғыз голды ойынның 47 минутында Жуниор Кабангага салды. Оған допты елордалық команданың басқа  легионері Неманьи Максимович жеткізген. 

"Астана" өз тарихында үшінші рет ел Кубогін жеңіп алды – алғашқы екі жеңіске команда 2010 және 2012 жылы қол жеткізген. 

 

 

Жаңалықтар
0