АСТАНА, 19 қар — Sputnik. Жауын-шашынға және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Алматы облысының таулы аудандарында 19-20 қараша аралығында қар көшкіні болуы ықтимал, деп хабарланады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің сайтында.
Қар көшкінінің болуына ықпал жасамау үшін қар басқан тік баурайларға шығуға болмайды.