Өңірлер

Сенбі күні қазақстандықтарыды тұман мен бұрқасын күтеді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
19 қарашада еліміздің оңтүстік бөлігінде және батыста тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі.

АСТАНА, 19 қар – Sputnik. Оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады, жел күшейіп жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Көптеген облыстарда тұман күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

 Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан  облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің 18-23 м/с күшеюі күтіледі. Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ кұтіледі. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 17-22 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді, жолдарда көктайғақ болады. Күндіз Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.

 

Жаңалықтар
0