Қоғам

Астанада жұмысы жоқ мешітке келушілерге жұмыс іздестірілуде

© Sputnikмешіт
мешіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Діндарларды жұмысқа тұрғызу радикалдық дінге үгіттеушілердің ықпалын төмендетуге бағытталған

АСТАНА, 18 қар — Sputnik. Жұмыспен қамту орталығының өкілдері жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тұрғызуға көмек көрсету үшін  Астана мешіттерінде жұмыс істей бастады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға елорда әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің жетекшісі Дидар Садықов. 

Бұл шара Қазақстанда орын алған террактілер мен көптеген экстремистер ұсталғаннан кейін дінге сенушілердің радикациялануының себептерінің бірі ретіндегі жұмыссыздықты жою үшін қабылданды. Енді үш елордалық – Нұр Астана, Әзірет Сұлтан және Сәдуақас қажы Ғылмани  мешіттерінде – әр бейсенбі және жұма күндері сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін жұмыспен қамту орталығының өкілдері жұмыссыз азаматтарға деректері базасында бар өзекті бос орындарды ұсынып, "Жұмыспен қамту 2020" жол картасына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді. Сонымен қатар жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы түсініктеме береді. 

"Деректер базасында әртүрлі саладағы 3 мыңға жуық бос орын бар. Атап айтқанда олар, құрылыс, қызмет көрсету, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік салада. "Жұмыспен қамтудың" жол картасы мемлекеттік бағдарламасына қатысу бойынша, ақысы төленетін жастар тәжірибесі бойынша кеңес алуға болады. Еңбек ақысы жұмыс берушімен келісіледі", — деді Садықов. 


Жаңалықтар
0