Қоғам

Астана National Geographic Traveler сыйлығына ие болды

Жазылу
Сыйлықтың ұйымдастырушылары Қазақстанның ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізудегі жоғары әлеуетін атап өтуде.

АСТАНА, 18 қар — Sputnik. National Geographic Traveler (Ресей) журналының редакциясы Қазақстан елордасы – Астананы қарқынды дамуы мен жоғарғы туристік әлеуеті үшін "Болашақ қаласы" арнайы сыйлығымен марапаттады, деп хабарланады Үкімет басшысының ресми сайтында.

"Келесі жылы Астанада ең үлкен көрмелердің бірі – "Болашақ энергиясы" атты ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді. Осындай жаһандық шара Қазақстан астанасына әлемнің барлық жерінен туристерді тартады деген сенімдемін", — деді марапатты алғаннан кейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ілгерілету және туризм департаменті директорының орынбасары Роза Асанбаева.

Ол көрме қонақтарына 3 мың тақырыптық және ойын-сауық шаралары, соның ішінде есте қаларлық шоулар, концерттер, шерулер және арнайы қойылымдар ұсынылатынын айтты.

"Биыл сыйлықтың серіктесі Қазақстан болды, нақтырақ айтсақ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы болды. Қазақстан – туризмді дамытудың үлкен әлеуеті бар, перспективті бағыт. Оған деген қызығушылық артуда, және де біз туризм мен саяхат жөніндегі жетекші халықаралық және ресейлік басылым ретінде, осы дерекке назар аудармай өте алмадық", — деп мәлімдеді National Geographic Traveler бас редакторы Ольга Яковина.


Жаңалықтар
0