Қоғам

БҒМ нөлінші сыныптарға жаңалық енгізуде

© Sputnik / Анатолий Устиненкооқушылар
оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мектеп алды дайындық бірыңғай бағдарламасы бірінші сыныпта балалардың дайындығы бір деңгейде болуы үшін қажет.

АСТАНА, 18 қар — Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі алдағы жылдары мектеп алды дайындықтың бірыңғай бағдарламасын енгізуде көздеп отыр. 

Білім және ғылым министрлігінің  бағалауынша, әлі күнге дейін бірінші сыныпқа келген балалардың білім деңгейінде сәйкессіздік байқалады. Кейбірі кітапты еркін оқи алады, сандарды құрай және санай алса, ал кейбірі тек бірқатар әріпті ғана біледі. Балалардың бір деңгейде дайындалмауы салдарынан білім сапасының төмендеуі және оқу процесінің жүйесіздігіне алып келеді. "Бұл деген бір бала оқу материалдарын жай қабылдай бастаса, кей балалардың іші пыса бастайды. Еліміз бойынша 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап нөлінші сыныптарға мектепалды дайындықтың бірыңғай оқу бағдарламасын енгізу жоспарлануда", — делінген хабарламада. 

ҚР БҒМ 2017 жылдан бастап пилоттық жоба аясында еліміздегі мектепалды дайындық топтарына, білім мекемелеріндегі мектепалды дайындыққа бірыңғай оқу бағдарламалары мен бірыңғай базалық оқулықтарды енгізу жоспарлануда.

Білім саласындағы тәжірибелі педагогтар мен ғалымдардың пікірлерінше, мектепалды дайындықтан бастап балалар "Әліппені" ("Букварь") меңгерулері қажет.

5-6 жастағы балаларға үшін «Әліппені» ("Букварь") үйрету жүктемесі қазіргідей үш айдың ғана көлемінде жүргізілмей, оқу жылы барысында меңгеруге бағытталатын болады. Балалар әріптерді тануға, буындап оқуға, тыңдалған дыбыстық сөздерге талдау жасауға үйренетін болады.


Жаңалықтар
0