АСТАНА, 18 қар — Sputnik. Сабақта алынған "бестерді" оқушылар енді бәліш пен шәйға ауыстыра алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Павлодардың №33 мектеп директоры Азамат Сыздықов.
Директор Азамат Сыздықовтың айтуынша, "5-ке оқы" шарасының басталғанына көп болмаған. Шара идеясы – оқушылардың үлгерімін көтеруге ынталандыру және мектептегі үздік оқушыларының сарын арттыру.
Енді мектеп оқушылары асханаға бара жатқанда өздерімен бірге күнделіктерін алып барады.
"Акцияны 5-11сынып оқушылары үшін бір аптаға енгіздік. Алдын ала арендатормен келісіп алып, неше үздік оқушы бар екенін зерделеп алдық. Нәтиже бар. Қазір шараны жалғастыруды ойластырып отырмыз", — деді директор.
Шараның шарттарына сәйкес, оқушы бес "бестік" бағасын алуы тиіс. Оларды оқушы бәліш, тәтті нан және кекске ауыстыра алады. Мектеп директоры бастауыш сыныптарды әзірге акцияға қоспағанын айтты. Өйткені олар үшін басқа дүние ойлап табулары мүмкін.
Бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша мектепте 794 бала арасынан 73 үздік оқушы шықты. Акция аяқталғаннан кейін барлық үздік оқушыларды санап, нәтижелерді зерделеу жоспарланған. Бүгінгі таңда бұл қаланың оқу орындарындағы алғашқы тәжірибе.