Видео

Алақандай сәбилерге қамқор болып, аман қалуына көмектесу

Жазылу
Әрекет етіп жатқан төрт жыл ішінде "28 ілмек" клубы Қазақстанның перинаталдық орталықтарына шала туылған балалар үшін еріктілердің қолымен тоқылған мыңдаған киім-кешектерді берді.

Уақытын бұрын туылған сәбилер үшін үлкен өмірге жол "тоқуға" тоқыма сымдарымен 28 ілмек қана жасау керек. Бірақ сонымен бірге еріктілерге тек тоқу ғана емес, әр қалпаққа, шұлыққа, күрте мен көрпеге бар жанын салу керек. "28 ілмек" клубын құру идеясы Қазақстанға танымал фотограф Карла Нұрдың ойына келген. Ол 2012 жылы перенаталдық орталыққа кезекті репортаж жасауға барған кезде шала туылған сәбилерді күтуге және олардың аман қалуы  жылы киімнің жеткіліксіз екенін білген.  

Осылайша, кішігірім клуб пайда болды. Оған әйелдер, сосын бос уақытында шала туған сәбилерге киім тоқумен айналысатын ер кісілер жинала бастады. Бастапқыда еріктілер иірілген жүннен шұлық қана тоқитын. Қазір балалар киімдерінің "ассортименті" қалпақ, көрпе, күртеге дейін артты. Басты шарт жіп жүннен иірілген болуы тиіс. Өйткені иірілген жүннен тоқылған киімдер жылы ғана емес, сонымен бірге ұйқыларының тыныш болуына септігін тигізеді. Қанша киімнің тоқылғанын ешкім айта алмайды. Киімдер жинағын санау мүлдем мүмкін емес деуге болады. Оларды еліміздің әр түкпірінде тоқып, Қазақстанның бүкіл перенаталдық орталықтарына тегін жіберіп отырады. 


Жаңалықтар
0