АСТАНА, 17 қар — Sputnik. Астанада көп қабатты үйлердің бірінің ауласында жеңіл автокөлік жанып кетті деп хабарлады оқиға куәгері Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оқиға 16 қараша күні Абылайхан және Құдайберді көшелері арасындағы үй ауласында болған.
"Бұл жеңіл көлік, Toyota маркасына ұқсайды. Өрт шығуына не себеп болғанын білмеймін, бәлкім аяз әсер еткен болар. Мен өрт сөндіру қызметіне хабарластым. Екі өрт сөндіру техникасы, жедел жәрдем және полиция келді. Көлікті тез сөндіріп алды", — деді куәгер телефон арқылы.
Оның айтуынша, көліктің өртенуінен ешкім зардап шекпеген.
ТЖ жөніндегі департамент баспасөз қызметі бұл оқиға туралы ешқандай мәлімет алмағанын хабарлады.