АСТАНА, 17 қар — Sputnik. Қазақстан үкіметі "Терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулы қабылдады деп хабарлайды республиканың мемлекеттік БАҚ.
Құжат 2017 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Құжатқа сәйкес, терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға уәкілетті орган 750-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы төлейді. Қазіргі уақытта 1 АЕК 2121 теңгені құрайды.
"Үш жұмыс күні ішінде аймақтық орган жоспарланған теракт туралы ақпарат берген азаматқа сыйақы төленетінін айтуы тиіс", — делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірлеген қаулыда.