Өңірлер

Кейкі батыр мемориалының салу орны мен уақыты белгіленді

Жазылу
Архитекторлар мемориал нобайын әзірлеуде. 2017 жылы тамыз айына батырдың ұрпақтары салған кесененің маңына мемориал салу жоспарланып отыр.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik. Қостанай облысында  2017 жылы көктемде Кейкі батыр мемориалының құрылысы басталады, қыркүйекте батырды жерлеу жоспарланып отыр деп хабарлайды облыстық әкімшілік баспасөз қызметі.

Қостанай облысындағы Кейкі батыр мазары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Кейкі батырдың сүйегі Қостанай облысында жерленеді

15 қараша күні облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Амангелді ауданы мен Арқалық қаласына барып қайтты. Қызметтік іссапар барысында аймақтың басшысы Амангелді ауданы Тасты ауылында орналасқан Кейкі батыр кесенесінде болды. 

ҚР үкіметінің тапсырмасымен батырды салтанатты түрде жерлеу рәсімін өткізу жоспарланған. Қазір ғалымдар бассүйектің генетикалық сараптамасын жасап, аты аңызға айналған қазақ батырының бейнесін қайта қалпына келтіруде.

2017 жылы көктемде мәдениет және спорт министрлігі Кейкі батырдың мүрдесін табу үшін экспедиция бастайды. Батыр жерленген орын Амангелді ауданындағы Жалаулы елді мекенінде деген болжам бар. 

"Жаңа мемориалдық кешеннің құрылысы бойынша барлық жұмыс келесі жылы тамыз айында аяқталуы тиіс. Қыркүйек айына үкіметтің келісімімен батырды салтанатты түрде жерлеу рәсімін ұйымдастырамыз", — деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Кейкі батыр – 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс көшбасшыларының бірі. Қазан төңкерісін ешқашан мойындамаған батырды 1923 жылы Қызыл әскер жауынгерлері өлтірген. Содан кейін бас сүйегі Кунсткамераға жөнелтілген болатын.

Жаңалықтар
0