АСТАНА, 17 қар — Sputnik. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болады. Ал республиканың қалған аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлайды Қазгидромет баспасөз қызметі.
Жамбыл облысында тұман түсіп, көктай,ақ болады, жел жылдамдығы– 15-20 м/с, ұйытқуы — 23 м/с, боран соғады.
Қызылорда облысында – тұман, көктайғақ, төменнен соққан боран, жел жылдамдығы– 15-20 м/с.
Алматы, Атырау облыстарында – тұман, көктайғақ.
Маңғыстау облысында, синоптиктердің болжауынша, тұман түсіп, көктай,ақ болады, күндіз желдің ұйытқуы - 15-20 м/с.
Оңтүстік Қазақстан облысында — тұман түсуі мүмкін, желдің ұйытқуы – 15-20 м/с.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында – тұман.
Қарағанды облысында түнде қатты аяз болады деп күтіледі.