Қоғам

ҚР депутаттары балалар үйін күтпеген жерден тексеру ұсынысын қолдады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуБалалар үйі
Балалар үйі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халық қалаулылары қазақстандық жетімдер үйіндегі балаларға жасалған зорлық-зомбылық оқиғаларының көптігіне алаңдаулы. Балалар құқығының бұзылуын анықтау үшін барлық жетімдер үйінде мониторинг жүргізу ұсынылды.

АСТАНА, 16 қар — Sputnik. "Халықтық коммунистер" партиясы фракциясының депутаттары жетімдер үйінде күтпеген жерден тексеру жүргізу туралы ұсынысты қолдады.

Бұл ұсынысты сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында депутат Ирина Смирнова айтқан еді. Оның айуынша, Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға тәрбие беретін 106 мемлекеттік ұйым қызмет етіп отыр. Оларда 6,5 мыңға жуық бала тұрып жатыр. Балалар үйін қамтамасыз ету үшін 2015 жылы 10,2 миллиард теңге бөлінген еді, яғни бір бала үшін жылына 1,5 миллион теңгеден келеді.

"Соңғы уақытта балалар үйіндегі зорлық-зомбылық фактілері көбейіп барады – психологиялық, физикалық, сексуалды. Тәрбиешілердің балаларға жәбір көрсетуі, ересек балалардың жасы кішілерге әлімжеттік қылуы әшкереленуде. Жетім балалар мен мүгедектер жылдар бойы жәрдемақы, алименттерін алмайды, аш қарын жүреді, мемлекеттің беріп отырған киімін тозығы жеткенше киюге мәжбүр", — деді Смирнова.

Оның айтуынша, білім және ғылым министрлігі мен бас прокуратура тез арада барлық жетімдер үйі мен интернаттардың мониторингін жүргізіп, балалар құқығының қорғалуын, олардың дұрыс тамақтануын, балалардың мүліктік құқығының сақталуын тексеруі қажет.   

Жаңалықтар
0