Оқиға

Павлодар облысында автобустың 35 жолаушысы қауіпсіз жерге шығарылды

© Photo : ДЧС Павлодарской областиПавлодар облысындағы трассада қалып қойған автобус
Павлодар облысындағы трассада қалып қойған автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобус Омск-Майқапшағай трассасында тоқтап қалған. Жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылып, оларға ыстық сусын мен тынығатын орын ұсынылды.

АСТАНА, 16 қар — Sputnik.  Павлодар өңіріндегі тоқтап қалған автобустың 35 жолаушысы құтқарылды деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

15 қараша күні 02:42-де Қашыр ауданындағы Омск-Майқапшағай жолында  "Семей-Павлодар-Омск" бағытындағы Volvo жолаушылар автобусы дизель отынының қатуы салдарынан тоқтап қалды. Автобуста 35 жолаушы болған, олардың сегізі — қарт адамдар, жас сәбилер жоқ.

Жолда қалып қойған автобусқа 03:50-де көмекке келген Железин аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары мен Жаңабет ауылдық округының әкімі жолаушыларды Жаңабет орта мектебіне эвакуациялауға шешім шығарды. Оларға ыстық сусын мен тынығатын орын берілді. 

Жаңалықтар
0