АСТАНА, 16 қар — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, орталық және шығыс аймақтарда бұрқасын болуы ықтимал, тек республиканың солтүстігінде күн ашық, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 23 м/с жетеді, бұрқасын. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, жел соғып, 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.