Спорт

"Астана" ФК: банкроттық туралы жаңалықтың бізге қатысы жоқ

Жазылу
"Астана" кәсіби футбол клубында қазіргі уақытта оларда "барлығы жақсы" екендігімен сендірді

АСТАНА, 15 қар – Sputnik. "Астана" кәсіби футбол клубының банкроттығы туралы жаңалықтың Қазақтан чемпионы – "Астана" футбол клубына қатысы жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға клубтың медиа офицері Дмитрий Нестеренко. 

"Астана" КФК" АҚ-ның біздің клубқа еш қатысы жоқ. Біздің клуб – жеке мекеме "Астана" Футбол клубы", — деді Нестеренко Sputnik Қазақстанға телефон арқылы. 

"Бізде барлығы жақсы, біз жоспарлы түрде жұмыс істеп, Қазақстан кубогының финалы мен Еуропа Лигасы үшін матчқа дайындалып жатырмыз", — деп түйіндеді ол. 

Бұдан бұрын Астана қалалық соты "Астана" Кәсіби футбол клубы" АҚ-ны банкрот деп тану туралы ақпарат жариялаған. КФП-ның салықтық берешектігі 36 миллион теңгені құрайды. 


Жаңалықтар
0