АСТАНА, 15 қар – Sputnik. Өрт Астананың сол жағалауында салынып жатқан ғимаратта сейсенбі, 15 қараша күні шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінде.
Ведомствоның мәліметінше, Хусейн бен Талал көшесі 37 мекенжай бойынша құрылыс алаңда жылытқыш – пенопласт өртенген. Өрттің аумағы бес шаршы метрді құрады.
Өрттің шығу себебі анықталуда.