АСТАНА, 15 қар – Sputnik. Дмитрий Голобурда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.
"2016 жылы 14 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы үкіметінің №702 қаулысымен Голобурда Дмитрий Васильевич ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды", — делінген хабарламада.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР президентінің №350 жарлығымен 2016 жылы 6 қазан күні құрылған.