АСТАНА, 15 қар – Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Румен Радевке Болгария Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
Құттықтау жеделхатында мемлекет басшысы Қазақстан мен Болгария халықтарының игілігі жолындағы екіжақты ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Румен Радевке зор денсаулық, қызметіне табыс, ал достас болгар халқына бірлік пен бақ-береке тіледі.
"БСП" социалистер партиясының атынан үміткер, генерал Румен Радев 14 қараша күні Болгариядағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен болатын.