Саясат

Назарбаев серб компанияларын мемлекеттік даму бағдарламаларына қатысуға шақырды

© Photo : Официальный сайт АкордыНұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Президенті Сербия компанияларын «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы мен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға белсене қатысуға шақырды.

АСТАНА, 15 қар  — Sputnik.  Кездесуде Мемлекет басшысының Сербияға биылғы тамыздағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу мәселелері талқыланды деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Сербия біздің республиканың Еуропадағы маңызды серіктесі болып саналатынын және экономикалық қарым-қатынасты дамыту үшін жеткілікті әлеуеттің бар екенін атап өтті.

"Қазақстанда Сербияның 24 кәсіпорны тіркелген, алайда оның қазір тек 15-і жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге, Сербия бизнесінің Қазақстанда табысты жұмыс жүргізіп отырғанының көрсеткіші ретінде метрополитен, кеңселер және банк ғимараттары құрылысына атсалысып отырған компанияны атап айтуға болады. Ең алдымен экономикалық ынтымақтастықты жалғастырып, оны арттыруға мүмкіндіктің бар осыдан-ақ екенін көруге болады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметімен Сербия тарапының жүргізетін жемісті келіссөздері, бұл елдің алдағы бірлескен бизнес-форумға қатысуы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Сербия Премьер-Министрі қонақжайлық танытқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, еліміз бен Астананы дамытуға оның зор үлесі қосқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, А.Вучич экономиканың түрлі саласындағы Қазақстанның даму тәжірибесі Сербия үшін пайдалы екенін айтты.

Жаңалықтар
0