Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, портреттерді банкноттарға бейнелеу жаңалық емес. Оның үстіне, ел дамуына көп үлесін қосқан тұлғалар суретін бейнелеу арқылы мемлекеттілік идеясын насихаттауға болады.
"Нельсон Мандела, Мұстафа Кемал Ататүрк, Ли Куан Ю, Уинстон Черчилль және басқа да әлемдік деңгейдегі көшбасшылар өз елдерінің қазіргі заманғы ақша белгілерінде бейнеленген. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың суреті бейнеленген банкнот та осы қатардан ойып тұрып орын алатынына сенімдімін", — деді Ақышев.