Қоғам

ҚР Ұлттық Банкі Елбасының суреті бейнеленген ақша белгісін шығарды

© SputnikНұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген ақша белгісінің экрандағы суреті
Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген ақша белгісінің экрандағы суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Номиналы 10000 теңге банкнот пен номиналы 5000 теңге мерейтойлық монета 2016 жылы 1 желтоқсаннан бастап айналымға шығарылады.

АСТАНА, 15 қар  — Sputnik. Ұлттық Банк 2016 жылы 1 желтоқсан Бірінші президент күніне орай ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген естелік банкнотын айналымға шығарады деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

"Тәуелсіздік тарихы мемлекет басшысының тұлғасымен ажырамас байланыста, — деді Ақышев Астанадағы конференцияда. – Сол себепті Ұлттық банк Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әрі президенттің елді өркендетуге қосқан үлесін бейнелейтін мерейтойлық банкнотты ұсынады".

"Бүгінде Қазақстан халықаралық қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болып отыр, дүние жүзінде біздің пікірімізді тыңдап, құлақ асады, — деп жалғастырды Ұлттық банк төрағасы. – Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жеткен барлық жетістігі Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н. Ә. Назарбаевтың тұлғасымен тығыз байланысты". 

© Photo : ҚР Ұлттық банкНұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген ақша белгісі
Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген ақша белгісі - Sputnik Қазақстан
1/2
Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген ақша белгісі
© Photo : ҚР Ұлттық банкіНұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген ақша белгісі
Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген ақша белгісі - Sputnik Қазақстан
2/2
Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген ақша белгісі
1/2
Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген ақша белгісі
2/2
Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген ақша белгісі

Оның айтуынша, портреттерді банкноттарға бейнелеу жаңалық емес. Оның үстіне, ел дамуына көп үлесін қосқан тұлғалар суретін бейнелеу арқылы мемлекеттілік идеясын насихаттауға болады.

Сонымен қатар, Данияр Ақышев Қазақстанның 25 жылдығына арналған естелік монетаны ұсынды. 

"Бұл жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаймыз. Бұл біз үшін айрықша күн. Бұл кезеңде өткенге зер салып, жеткен жетістіктер ауқымын саралауға болады. Көп жұмыс атқарылды, көп нәрсе өзгерді. Бірақ фундамент ешқашан өзгермейді  - ол халықтың күші мен бірлігі, даналығы мен көрегенділігі, толеранттылығы мен өзара тіл табысуы. Ең баға жетпес байлығымыз  - біздің халқымыз", — деді Ақышев. 

Жаңалықтар
0