АСТАНА, 15 қар — Sputnik. Астанада алғаш рет кеңсе қызметкерлері мен бизнесмендер арасында бокстан турнир ұйымдастырылмақшы деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Турнирдің өтетіні туралы ақпарат Instagram желісінде жарияланды. Мұндай айрықша турнир Астанада 10-11 желтоқсан күндері Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап өткізілмекші.
Турнирге 1980-1990 жылдары дүниеге келген ер адамдар (әуесқой спортшылар, енді ғана үйреніп жүргендер) келесі салмақ категорияларында қатысады: 56 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг, 91 кг, 91+ кг.