Қоғам

Қазақстандықтар елдің құрметті азаматын таңдай алады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өту"Айбын" президенттік полкі оркестрі мен құрметті қарауыл ротасының ту ұстаушысы
Айбын президенттік полкі оркестрі мен  құрметті қарауыл ротасының ту ұстаушысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сіңірген еңбегі мен азаматтық ұстанымы бүкіл қоғамға үлгі болған кез келген қазақстандық елдің ең құрметті азаматы деген атаққа ұсынылады.

АСТАНА, 15 қар  — Sputnik. "Құрметті азамат" жобасы Қазақстанда басталып кетті, жоба жеңімпазына Астанадан пәтер сыйға беріледі.

Нияз Сүндеталиев - Sputnik Қазақстан
Нияз Сүндеталиев "Алтын жүрек" сыйлығы, армандары мен өмірге деген құштарлығы туралы

Жоба республика тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. 14 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін  кез келген қазақстандық www.bi-azamat.kz сайтына кіріп, "Құрметті азамат" атағына үміткер ұсына алады. Бұл сіңірген еңбегі мен іс-әрекеті, идеялары немесе азаматтық ұстанымы қоғам алдындағы ерлік пен жауапкершіліктің үлгісі болған адам болуы шарт.

Тәуелсіз сараптама кеңесі 10-15 номинантты іріктеп алады, содан кейін желтоқсанның 5 мен 25 аралығында ғаламтор арқылы дауыс беру кезеңі өтеді.

Құрметті азаматтың есімі 26 желтоқсан күні жарияланады. Ірі құрылыс компаниясы жеңімпазға пәтер тарту етеді. 

Жаңалықтар
0