АСТАНА, 14 қар – Sputnik. 2017 жылы заманауи өмірдің шындығын ауқымдырақ көрсететін 51 жаңа эмодзи пайда болады, деп хабарлайды Dazed порталы.
Unicode консорциумы ұсынған эмодзилердің жаңартылған жолағы сипаттық символдардан тұратын болады. Олардың қатарында бала емізіп отырған ана, саунадағы жалаңаш адам бар. Эмодзилерді көптеген ұсыныстардан таңдауға тура келді. Нәтижесінде баланы емізіп отырған ана, сақал қойған ер адам, саунадағы қыз, хиджап киген мұсылман әйелі, дұға оқу үшін қол жаю, альпинист, БҰН, йога және тағы басқалар бейнеленген эмодзилер енгізуге мақұлданды.
Хиджаб эмодзиі Сауд Арабиясының 15 жасар тұрғыны Раюф Альхумеди (Rayouf Alhumedhi) ұсынғанға ұқсайды: "Жер бетіндегі шамамен 550 миллион мұсылман әйел хиджаб киетінін мақтан етеді. Осыншама адамға клавиатурада ешқандай орын берілмеген", — деген Альхумеди. Эмодзилердің өмірімізде орын алғандығы соншалықты, Заманауи өнер музейінің өзі коллекцияларын толықтыру үшін смайликтердің бірегей жинағын алған.
Эмодзи (жапон тілінен "сипатты білдіретін сурет" дегенді білдіреді) – әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайдаланылатын смайликтер секілді бейнелер. Адамдардың эмоциясы, көңіл-күйі мен әрекеттерін, сондай-ақ әртүрлі жағдайды графикалық бейнелеу үшін қызмет етеді.