Оқиға

Қарағанды облысында жеті бала мен әйел кісі иіс тиіп уланды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуауылдағы от жағатын үйлер
ауылдағы от жағатын үйлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккендердің жағдайы қанағаттандырарлық деп бағалануда.

АСТАНА, 14 қар – Sputnik. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында мектепке дейінгі және мектеп жасындағы жеті бала мен әйел кісі иіс тиіп, уланып қалды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. 

Оқиға Атасу ауылында 14 қараша күні сағат 08.00 шамасында орын алды. Алдын ала болжам бойынша пештің ақаулығы салдарынан бір отбасы иіс тиіп уланып қалған. "Бүгін таңертең орталық ауруханаға жеті жәбірленуші жеткізілді, олардың ішінде – әйел, бес оқушы мен екі мектеп жасына жетпеген бала бар. Олар қазір Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы орталық аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімінде жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық деп бағалануда, олар оттегі мен инфузиялық терапия қабылдап жатыр", — деді Иса. 

Ведомство өкілінің атап өтуінше, зардап шеккендер әзірге медициналық мекемеде болады. 


Жаңалықтар
0