Оқиға

Ұрлау құрбаны Лилия Рахтың ақталуына қол жеткізбек

© Страница Лилии Рах в FacebookЛилия Рах
Лилия Рах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал кәсіпкер, сәнді киім дүкендерінің иесі Лилия Рах бизнес бойынша өзінің серіктесі Хамро Сувановты ұрлауда кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

АСТАНА, 14 қар – Sputnik. Лилия Рахтың ісі бойынша жәбірленуші болып танылған Хамро Суванов оған қатысты үкімді жойып, оны кінәсіз деп тануға қол жеткізуді көздеп отыр. 

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты сән индустриясының белгілі кәсіпкері Лилия Рахты өзінің бизнес әріптесі Сувановты ұрлауда кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен  жеті жылға бас бостандығынан айыруға соттады. 

Сондай-ақ, іс бойынша өткен зергерлік үйінің иесі Мири Паз 7,5 жылға сотталды. Жұмыссыздар Ислам Мисиров пен Бақыт Шалбаев  8 жылға жеке мүлкі тәркілене отырып сотталды. Сотталғандарға жазаларын жалпы тәртіптегі колонияда өтеу белгіленді. 

"Үкім мені қатты таң қалдырды. Мен осы уақытқа дейін барлық дәлелдердің Лилия Робертовнаның кінәсіз екенін білдіретініне қарамастан оның ұрлауда қалай кінәлі болып табылғанын түсіне алмаймын (…). Мен сот шешімімен келіспейтіндігім туралы өтініш беремін", — деді Суванов Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында. 

Өз кезегінде баспасөз конференциясына қатысқан Рахтың адвокаты Гаухар Сәлімбаева қорғаудың осы уақытқа дейін 10 қарашада жарияланған үкімнің мәтінін алмағанын хабарлады. Адвокат, апелляциялық инстанция барлық дәлелдерді зерделеп, "әділ шешім шығарады" деген үмітте. Рахтың ұлы Антон Сухиннің болжамынша мүлкін тәркілеу мен жеті жылға бас бостандығынан айыру үкімі бұл істі "мүдделі тараптың" бар екендігіне дәлел бола алады мыс.  

Тергеудің болжамы бойынша, 2016 жылдың 9 шілдесінде 33 жастағы Өзбекстан азаматының жоғалып кеткендігі туралы полицияға арыз түскен. Полиция айыпталушылардың Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қамауда ұстағынын анықтады. Оны Алматы әуежайы аумағынан ұрлап кеткен. Кейіннен ұрлан кісі Рахтың бизнес серіктесі Хамро Суванов деген хабар таратылды. 

Рахтан бөтен бұл іс бойынша сот алдында жауап беріп жатқан зергерлік үйінің иесі Мири Паз, Ислам Месиров және Бахыт Шалбаев.Олардың барлығы қамауға алынған. Алдын ала тыңдаудың алғашқы күні Рах пен Паздың адвокаттары қорғалудағыларға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап, сонымен қатар бұлтарпай шарасын кепілақыға босатуды немесе үй қамағына ауыстыруда сұраған. Адвокаттардың айтуынша, Рахқа Қазақстанға белгілі бірқатар қайраткерлер кепілдік берген. 


Жаңалықтар
0