Саясат

Назарбаев әлемнің бүкіл саясаткерлеріне құнды кеңес берді

Жазылу
Қазақстан басшысының пікірінше, ядролық арсеналға ие болу, оған қоса оны пайдалануға ешқандай моральдық ақтау жоқ.

АСТАНА, 15 қар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің барлық саясаткерлеріне ядролық арсенал қажет пе, жоқ па деген нақты шешімге келу үшін Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында ядролық шабуылға ұшыраған жапондық Хиросима және Нагасаки қалаларына баруды ұсынды. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: Қазақстан мен Жапонияның тағдыры ортақ

"Мен 1945 жылы ядролық бомбалауға ұшыраған қалаларды көріп, басы-қасында болып: ядролық қаруды пайдалану және оны иелену моральдық тұрғыдан ештеңемен ақталмайтынына көз жеткіздім. Бұл адамдарды өлтіру, жою", — деді Назарбаев саясат және экономикадағы сарапшылар Астаналық клубының отырысы барысында.

"Барлық саясаткерлерге Хиросимаға барып, ядролық қаруды пайдаланудың неге әкеліп соқтыратын көру қажет", — деп толықтырды ол. 

Қазақстан президенті осы жылғы қараша айының басында Жапонияға ресми сапармен барды. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында америкалық ӘӘК ядролық бомба тастаған екі қаларлардың бірі Хиросимаға барғанда қазақстандық көшбасшыға ядросыз әлемді құруға сіңірген еңбегі үшін осы қаланың ерекше құрметті азаматы атағы берілді. 


Жаңалықтар
0