АСТАНА, 14 қар — Sputnik. Қазақстандық конькиші Абзал Ажғалиев жексенбі күні Солт-Лейк Ситиде өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогының екінші кезеңі аясында 500 метрлік жарыста топ жарды.
Ажғалиевтың нәтижесі – 40,373 секунд, мәреге екінші боп жеткен қытайлық Тьянью Ханның көрсеткішінен 0,046 секундқа жылдамырақ болды. Бұл жарыста үшінші орынды Чарльз Хэмлин иеленді.
Нәтижесінде қазақстандық 17217 ұпаймен Әлем кубогының осы қашықтық бойынша ерлер арасындағы жалпы есепте көш бастады.
Шорт-тректен әлем кубогының келесі кезеңі Шанхайда осы жылы 9 желтоқсан күні өтеді