Әлем

Францияда мектеп автобусы мен жүк көлік соқтығысты

© SputnikФранция
Франция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан 30 бала қауіпсіз жерге шығарылды; жүк көлігі рөлінде болған әйел адам қаза тапты.

АСТАНА, 14 қар — Sputnik. Па-де-Кале француз департаментінде дүйсенбі күні таңертең мектеп автобусы мен жүк көлік соқтығысты, бір адам қаза тапты деп хабарлады РИА Новости Europe1 радиосына сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де (13:00 аст) N25 трассасы бойында Бавенкур коммунасына жақын жерде болған.

Бетпе-бет соқтығысу нәтижесінде жүк көлікті басқарып келе жатқан әйел адам қаза тапты. Автобустағы 30 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Кішкентай жолаушылардың арасындағы зардап шеккендер туралы әзірше мәлімет жоқ.

Жол апаты орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Нақты себептер мен жол апатының мән-жайы анықталуы тиіс.

Жаңалықтар
0