АСТАНА, 14 қар — Sputnik. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева дүйсенбі күні Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын қайтарып алды.
Дүйсенбі күні жаңартылған Әйелдер теннис ассоциациясы бойынша жеке разрядтық рейтингте Путинцева 34-орынан 33-орынға көтерілді, Шведова 33-орыннан 36-орынға түсіп қалды. Екінші жүздікте қазақстандық Зарина Дияс 148-ші орнын сақтады. Төртінші жүздікте Камила Керімбаева 328-орыннан 331-ші орынға түсіп қалса, Галина Воскобоева бір саты төмендеп 372-ші болды.
Жеке разряд рейтингінде бірінші орында неміс теннисшісі Ангелик Кербер, екінші орында америкалық Серена Уильямс, үшінші орында – польшалық Агнешка Радьваньска.
Жұптық разряд рейтингінде Шведова 14-орында қалды. Воскобоева екінші жүздікте 172-шіден 170-орынға көтерілді. Путинцева төртінші жүздікте 335-ші орыннан 337-орынға төмендесе, Камила Керимбаева 352-ші орыннан 341-орынға көтерілді. Дияс екі сатыға көтеріліп, 357-ші болды.
Әйелдер жұптық разряды бойынша рейтингтің басында үнді қызы Сания Мирза тұр, екінші орында – француз Каролин Гарсия, үшінші орында – француз Кристина Младенович түсті.