АСТАНА, 14 қар — Sputnik. Осы аптада сынап бағанасы түнде минус 31 градусқа дейін төмендейді.
"Қазгидромет" мәліметінше, ертең 15 қараша күні елордада ауа райы көшпелі бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің ұйытқуы 9-14 м/с жетеді. Күндіз ауа райы температурасы – 21… —23 градус болып, түнде сынап бағанасы минус 26 градусқа дейін төмендейді.
Ең төменгі температура көрсеткіші 16 қарашада болады. Күндіз ауа температурасы – 23, түнде – 31 градусқа дейін төмендейді. Ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.