АСТАНА, 14 қар — Sputnik. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп мемлекет басшысының жалақысынан бас тартатынын мәлім етті, деп жазады РИА Новости.
CBS телеарнасының "60 минут" бағдарламасында Трапмтан президент қызметінде жалақы алып алмайтындығы жайлы сұрады.
"Менің жауабым — жоқ. Заң бойынша мен кемінде 1 доллар жалақы алуым керек. Яғни, мен 1 доллар жалақы аламын",- деді Трамп.
АҚШ президентінің жалақысы 400 мың АҚШ долларын құрайды. Америкалық көшбасшы сонымен қатар жеке шығындарына арналған жылына 50 мың АҚШ долларын құрайтын шотты пайдалана алады. Оған сонымен бірге құны 100 мың АҚШ доллары болатын жол сапарын төлеу қоры қол жетімді. Бұдан бөлек ол ойын-сауықтарға 19 мың АҚШ долларын жарата алады.
Бір жыл бұрын ғана саясатпен айналыса бастаған Трамп табысты бизнесмен ретінде танылған. Оның жеке байлығын Forbes 3,7 миллиард долларға бағалады.