Оқиға

Жолдар жабылып, еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАвтокөлік
Автокөлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с, оңтүстікте, оңтүстік шығыста жөне шығыста екпіні 30 м/с күшейеді.

АСТАНА, 14 қар — Sputnik. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланып, Ақмола, Қарағанды облыстарында жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми сайты.

Дауылды ескерту

14 қарашада  Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28, екпіні 30 м/с жетеді деп күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел — 15-20 м/с, кей жерлерінде — 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді.

Жолдардың жабылуы

Ауа райының бұзылуына байланысы (қатты жел, жоғарғы қар, көру шектеулігі) Ақмола облысында 14 қараша сағат 00:30-дан бастап "Екатеринбург-Алматы" автожолында (1330-1353 ш Аршалы ауылы – Қарағанды облысының шекарасы);

Қарағанды облысында 14 қараша сағат 01:20-дан бастап "Екатеринбург-Алматы" автожолында (1051-1142 ш Теміртау – Ақмола облысының шекарасы) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтады.


Жаңалықтар
0