АСТАНА, 13 қар – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да (ҚТЖ) сенбі күні Алматы вокзалында жолаушылардың бірнеше сағат бойы күтуіне себеп болған пойыздардың кешігу себебіне түсінік берді.
Ұлттық темір жол тасымалдаушысының ақпаратына сәйкес, сенбі 12 қараша күні Алматы-Шу учаскесінде екінші жолдар салу барысында пойыз қозғалысын тоқтатумен технологиялық "терезелер" жүргізілді, ол мәжбүрлі шара болған. Бұл учаскеде станциялар мойнында жөндеу жұмыстары мен жаңа магистральдық жолдарды қазіргі станциялық жолдармен түйістіру жүргізілген. Ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пойыздардың қозғалысын тоқтатуға себеп болды.
"Технологиялық "терезелерден" кейін учаске тұрақты жұмыс істеуде", — деп сендіреді ҚТЖ-да. Компанияның түсіндіруінше, Алматы-Шу бағыты – қызулардың бірі. Ол жолмен күн сайын 52 жолаушылар және 40 жүк пойыздары өтеді. Екінші жолды қолданысқа берумен учаскенің өткізу қабілеті үш есеге артады.
"Қазіргі уақытта барлық пойыздар кестеге сай жүруде. Кешіктірілген пойыздардың жолаушылары "Темір жол көлігі" туралы ҚР Заңына және Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүкбагажды тасымалдау ережесіне сәйкес өтем ақы ала алады", — деп атап өтті ҚТЖ-да.