Жеңімпаздардың жеңімпаздары: "Ұлы Дала Ханшайымы" байқауынан фоторепортаж
Жеңімпаздардың жеңімпаздары: "Ұлы Дала Ханшайымы" байқауынан фоторепортаж
Sputnik Қазақстан
"Ұлы Дала Ханшайымы" ерекше байқауының ақтық кезеңі Алматыда өтті. Бұл сайысқа қатысушылар – қозғалысы шектеулі қыз-келіншектер. Бұл Қазақстанда өткен алғашқы... 13.11.2016, Sputnik Қазақстан
"Ұлы Дала Ханшайымы" ерекше байқауының ақтық кезеңі Алматыда өтті. Бұл сайысқа қатысушылар – қозғалысы шектеулі қыз-келіншектер. Бұл Қазақстанда өткен алғашқы байқау.
Байқау екі ай бұрын басталған. Байқауға қатысуға ниет білдіргендердің барлығы байқау ұйымдастырушыларының, сонымен қатар психологтар мен ұстаздардың қатысуымен іріктеуден өтті.
Сол кезде ұйымдастырушылар атап өткендей, байқау шарттарында қатысушыларды барлығы бірдей сахнада өзін еркін сезіне алмайды. Сондықтан іріктеу ең алдымен қыздардың өздері үшін мұқият өтті.
Конкурс красоты "Ұлы Дала Ханшайымы"Байқауды өткізу идеясы "Алма-Ата" әйелдер клубының төрайымы Бант-Анат Бейсембаеваның ойына мүгедек әйелдер арасындағы "Әлем аруы 2013" атағының иегері ресейлік Ксения Безуглова туралы бағдарлама көргеннен кейін келді.
Сол кезде іріктелген қатысушылардың бірі Меруерт Құлмаханова бөліскендей, байқауға келу туралы шешімді ол өзі үшін қабылдап, жеңіске жету мақсатын алдына қоймаған. Дегенмен, нәтижесінде, ол жеңімпаздардың біріне айналды.