Оқиға

Мемлекеттік аудитор Таразда пара алды деген күдікпен ұсталды

© AP Photo / Peter DejongТұтқындалған адам
Тұтқындалған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жемқорлыққа қарсы ведомство пара алған аудиторды ұстау сәті түсірілген бейнежазбаны жариялады.

АСТАНА, 12 қар – Sputnik. Бас инспектор – Жамбыл облысындағы ревизиялық комиссияның мемлекеттік аудиторы Нұрлан Дүйсенов қомақты пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Дүйсенов Талас ауданы әкімшілігінің білім беру бөлімі секторының меңгерушісін жоспарлы тексеру нәтижесі бойынша жақсы қорытынды шығарып беремін деп бопсалап, 4 миллион 500 мың теңге көлемінде пара алған.

Қазіргі уақытта Дүйсенова Тараз қаласының ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторнына қамауға алынды. Сот алды тергеу ісі жүргізілуде. 

Жаңалықтар
0