Өңірлер

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында дауылдық ескерту жарияланды

© Sputnik / В.Чистяков / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның төрт облысында қатты жел тұрып, көктайғақ болады, кей жерлерде боран соғады.

АСТАНА, 12 қар – Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар аймақтарында жексенбі күні жел күшейіп, боран соғады және көктайғақ болады деп хабарлады республиканың ТЖ жөніндегі комитетінің сайты.

13 қараша күні күндіз, 14 қарашада күні бойы Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, 14 қарашада күні бойы Алматы облысында оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде 23-28 м/с болып, 30 м/с дейін ұйытқиды.

Жексенбі күні 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, кей жерлерде қалың түседі, боран соғып, тұман және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейді, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с болады, 30 м/с дейін ұйытқиды. 

Жаңалықтар
0