Экономика

Қазақстан LG компаниясы газ-химиялық кешен жобасына атсалысады деп үміттенеді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуГаз өндіретін зауыт
Газ өндіретін зауыт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Кореяға ресми іссапармен барып, Корея президенті Пак Кын Хе және корей бизнесмендерімен кездесті.

АСТАНА, 11 қар — Sputnik. Қазақстан Оңтүстік Корея компаниясы LG Қазақстанның батысындағы газ-химиялық кешен құрылысы жобасына қатысушылар құрамында қалады деп үміттенеді деген қорытынды шығаруға болады Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарламасынан.

2015 жылы қаңтардың соңында LG Chem Атырау облысындағы интеграциялық газ-химиялық кешен (ИГХК) құрылысының екінші кезеңінде жобадан шығатынын мәлімдеген еді.

"Біз корей компанияларының, соның ішінде LG компаниясының газ-химия кешенінің ірі жобасына атсалысуы жөнінде әңгімелестік", – деді Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяға іссапар нәтижесі жөніндегі брифингте.

ИГХК құрылысының екінші кезеңі жобасының операторы "KLPE" ЖШС, ол паритеттік бастамаларда LG Chem Ltd мен казақстандық "Объединенная химическая компания" ЖШС қадағалаған болатын.

ИГХК құрылысының бірінші кезеңінде қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндірісін салу жоспарланған, ал екінші кезеңінде қуаты жылына 800 мың тонна полипропилен өндірісін салу керек. Жобаның бастапқы құны – 6,178 миллиард АҚШ доллары. Бірінші кезеңнің операторы — "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС (KPI), оның мүшелері "Объединенная химическая компания"  ЖШС (51%), "Фирма "Алмэкс Плюс" ЖШС (49%). 

Жаңалықтар
0