Өңірлер

Жұма күні қазақстандықтарды жел мен көктайғақ күтеді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуТұрақсыз ауа райы
Тұрақсыз ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде жаяу бұрқасынмен қатар қар жауады, көктайғақ күтіледі, республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде ауа-райы жауын-шашынсыз.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі. Кей жерлерінде тұман байқалады. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болады, таңертен және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі,  түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысынның кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жаяу бұрқасынмен бірге жел күші 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0