АСТАНА, 11 қар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері тас жолда жол апатына түсіп, олардың аударылып қалған көліктеріне кірген суға тұншығып қала жаздаған ерлі-зайыптыларды құтқарды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Динара Сағындықова.
Оның деректеріне сәйкес, ерлі-зайыптылар өз көлігімен Есіл ауданының Заречный ауылынан аудан орталығына жолға шыққан. " Audi және Chevrolet Niva автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан шетел көлігі тас жолдан жыраға түсіп, аударылып қалды. Көлік салоны мұздың астындағы суға толды. Осы кезде
"Жезқазған-Петропавл" тас жолын патрульдеп жүрген полиция лейтенанты Сергей Ильченко мен сержант Қанат Фазылов санаулы минутта жол апаты орнына жетіп, бірден автокөліктен адамдарды құтқаруға кірісті. Сондай-ақ көмекке Chevrolet Niva автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары, сонымен қатар өтіп бара жатқан адамдар келді", - деді Сағындықова агенттікке.
Ең алдымен олар аударылған көліктің салонынан көлік жүргізушісін, одан кейін есінен танып қалған жолаушы әйелді шығарды. "Қауіпсіздік белдігін кесіп, олар әйел кісіні жолға көшірді. Полиция сержанты Қанат Фазылов әйелге қолдан демалдыру және жүрегіне массаж жасады, одан кейін әйел есін жиды. Зардап шеккендер аудандық аурухана жеткізілді. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Тексеруден кейін олар үйлеріне қайтарылды", — деп ақпараттандырды Сағындықова.
"Біз әлі есеңгіреп отырмыз. Есеп секундтарда болғаны есімде. Егер дер кезінде келген полиция қызметкерлері болмағанда, әйелім тұншығып қалған болар еді. Ол тіршілік белгілерін бермей, тыныс алмай жатқан. Ол жігіттерге өте ризамын. Олар бір секунд та ойланбастан мұз суға түсті. Олардың батылдығы мен жылдамдығы болмағанда, бұл жағдайдың немен аяқталарын ойлау да қорқынышты", дейді 46 жастағы солтүстік қазақстандық.