Оқиға

БҒМ қызметкерлері бір күндік жалақыларын қаза тапқан студенттердің отбасыларына аударады

© Sputnik / Болат Шайхиновақша
ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
6 қарашада Almaty Towers ғимаратында болған өрт салдарынан алты адам қаза тапты, олардың бесеуі студент.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері Алматыда болған өрттен қаза тапқан студенттердің отбасыларына көңіл айтады, делінген министрліктің сайтында жарияланған хабарламада. 

Қайтыс болған Нұрлыбек Сартпаев, Еламан Айдаралиев, Абылай Зулпибеков, Ёкубжон Тохтамышев және Исмаилжон Исраилов Алматыдағы Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқыған студенттер еді

"Бұл оқиға бүкіл еліміз үшін де зор қайғы болды. Опат болған студенттердің ата-аналары мен туған-туыстарына өте ауыр салмақ түскенін түсінеміз, сезінеміз. Алайда, ажалға қарсы тұрар амал бар ма?.. ҚР БҒМ қызметкерлері бұл оқиғаға бейжай қарамай, қаза болған студенттердің отбасыларына бір күндік жалақыларын аударуға бірауыздан шешім қабылдады", — делінген хабарламада.


Жаңалықтар
0