АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Өзінің бизнес әріптесі Хамро Сувановты ұрлады деп айыпталған сән индустриясының белгілі кәсіпкері Лилия Рах жеті жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
"Сот үкімімен Лилия Рах ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлгі 1,8-тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пайдакүнемдік ниетпен адам ұрлау) қарастырылған қылмыс жасауда айыпты деп танылып, оған жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, іс бойынша өткен зергерлік үйінің иесі Мири Паз 7,5 жылға сотталды. Жұмыссыздар Ислам Мисиров пен Бақыт Шалбаев 8 жылға жеке мүлкі тәркілене отырып сотталды. Сотталғандарға жазаларын жалпы тәртіптегі колонияда өтеу белгіленді.
Тергеудің болжамы бойынша, 2016 жылдың 9 шілдесінде 33 жастағы Өзбекстан азаматының жоғалып кеткендігі туралы полицияға арыз түскен. Полиция айыпталушылардың Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қамауда ұстағынын анықтады. Оны Алматы әуежайы аумағынан ұрлап кеткен. Кейіннен ұрлан кісі Рахтың бизнес серіктесі Хамро Суванов деген хабар таратылды.
Рахтан бөтен бұл іс бойынша сот алдында жауап беріп жатқан зергерлік үйінің иесі Мири Паз, Ислам Месиров және Бахыт Шалбаев.Олардың барлығы қамауға алынған. Алдын ала тыңдаудың алғашқы күні Рах пен Паздың адвокаттары қорғалудағыларға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап, сонымен қатар бұлтарпай шарасын кепілақыға босатуды немесе үй қамағына ауыстыруда сұраған. Адвокаттардың айтуынша, Рахқа Қазақстанға белгілі бірқатар қайраткерлер кепілдік берген.