АСТАНА, 10 қар –Sputnik. Sputnik.Пікір сауалнамасының мәліметі бойынша америкалықтардың көпшілігі (60%) АҚШ-тағы сайлау жүйесін өзгерткісі келеді. Және америкалықтардың жартысына жуығы (45%) "бір адам – бір дауыс" жүйесіне толықтай көшуді жақтайды.
Сауалнаманы Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосының тапсырысы бойынша TNS UK зерттеу компаниясы өткізді.
"АҚШ-тағы қазіргі дауыс беру жүйесімен келісесіз бе?" деген сұраққа америкалықтардың 15%-ы қазіргі жүйе мен "бір адам – бір дауыс" жүйесін біріктіретін жаңа алгоритмге көшуді қалайтындықтарын айтты. АҚШ тұрғындарының 22% ғана қазіргі жүйенің өзгеріссіз қалуын жақтайды, 16% "білмеймін" деп жауап берді және 2% басқа жауап нұсқаларын ұсынды.
Сауалнама АҚШ-та 2016 жылы 3-7 қараша аралығында жүргізілді. Оған 18-64 жас аралығындағы 1012 қатысушы жауап берді.
Sputnik.Пікір туралы мәлімет
Қоғамдық пікірді зерттеу жөніндегі халықаралық жоба 2015 жылы қаңтарда іске кірісті. Жоба серіктестері – танымал зерттеу компаниялары Populus, Ifop және forsa.
Sputnik — ондаған елдерде мультимедиялық ақпараттық хабы бар жаңалықтар агенттігі және радиосы. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады