АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Қазақстандық қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сауда кезінде орташа есептегі доллар бағамы бейсенбі күні 339,05 теңгені құрады.
Бейсенбі күні доллар бойынша сауда көлемі 42 миллион долларды құрады, сәрсенбі күні бұл көрсеткіш 73,550 миллион доллар болған еді.
Сәрсенбі күні АҚШ-тағы президенттік сайлауда Дональд Трамптың бірнеше басты штаттарда жеңіске жетуі туралы жаңалықтар кезінде мұнай бағасының төмендеуі аясында доллар бағамы 1,49 теңгеге өскен болатын.