Өңірлер

Елорданың экспресс маршруттарында жол жүрудің электронды жүйесі енгізілді

© Sputnik / Болат ШайхиновАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ASTRA Plat электронды жүйесінің II кезеңі іске қосылды.

АСТАНА, 9 қар – Sputnik. Жолақысын электронды түрде төлеу жүйесі кезеңмен енгізіледі. Бүгінгі таңда жолақыны арнайы карточканың көмегімен қала маңында қатынайтын экспресс маршруттарда төлеуге болады, сонымен қатар электронды төлем кейбір қалалық маршруттарда енгізілген, деп хабарланады Астана әкімдігінің ресми сайтында. 

Хабарламаға сәйкес, бүгінгі таңда Астанада 35 автобус тәжірибелі түрде заманауи технологиямен жабдықталып, қазан айының ортасынан бастап, 4 экспресс маршрутқа енгізілді. Атап айтқанда: № 101, 102, 103 және 105. Әр автобуста электронды төлемдер қабылдайтын валидаторлар орнатылған.

ASTRA Plat жүйесінің ІІ кезеңі енгізілгеннен кейін де, экспресс маршруттарда жолақы өзгермейді. Ересектерге 150 тг, балаларға 70 тг. 

Сонымен қатар, Астанада ASTRA Plat көліктік картасын қала ішіндегі қоғамдық көліктерде қолдануға енгізу қарастырылған жобаның ІІІ кезеңі қолға алынды. Қазірдің өзінде №№10, 20, 29, 32, 61, 40, 6 маршрутта бұл жүйе іске қосылған.

Тарифтік жоспар бойынша, 10 рет жол жүруге арналған төлем құйылғаннан кейін, 11-ші мәрте тегін қатынау мүмкіндігі ұсынылады. Ал 60 минут ішінде Express маршруттан Express маршрутқа отырсаңыз, сапарыңызды тегін жалғастыра аласыз. Жеңілдіктерге ие болған, Астанада тіркелген жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болды.

 

ASTRA Plat электронды жүйесінің жұмысын бақылап көру үшін жолаушылар, ASTRA Plat карталарын сатып алулары қажет.

Көліктік карталарды арнайы кассаларда және сауда үйлері мен аялдамалар жанында орналасқан RTVM автоматтарынан сатып алуға болады. Өзге де сатылым нүктелерін alrt.kz сайтынан және ASTRA Bus қосымшасынан қарап білуге болады.

Электронды төлем жасау үшін автобусқа мінгеннен кейін көліктік картаны жүргізуші жанындағы валидаторға тигізу керек. Төлем 0,1 секундта қабылданады.


Жаңалықтар
0